Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстандықтарға жаздың аяғына дейін қай елдерге шығуға рұқсат?

Зерттеу барысында Халықаралық әуе көлігі Ассоциациясының (IATA) мәліметтері алынған.

Сурет : google.com7 Тамыз 2020, 10:28

Коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстандықтардың бару мүмкіндігі бар тек 17 ел белгіленген, деп хабарлайды zakon.kz Freedom Finance Life мамандары зерттеуіне сүйеніп.

Worldometers халықаралық статистикалық сайттың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Covid-19 ауруына шалдыққан 18,7 миллионнан астам адам айқындалған. Көптеген елдер аурудың үдемелі кезеңінен өткен. Кейбір елдер шетел азаматтарына шегерасын ашқан, ал кейбіреулері ашуға дайындалуда.

Қазақстандықтар шетелге тек демалу мақсатында шықпайды. Мысалы іссапары, жақындарын көру, емделу немесе әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануы мүмкін. Осыған орай, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізіп, жаздың аяғына дейін қазақстандықтарға баруға тыйым салынған елдерді, біздің туристерді белгіленген ережелерге сәйкес қабылдайтын елдерді, сонымен қатар, шегерасын толық, соның ішінде, демалу үшін ашқан елдерін анықтаған.

Зерттеу барысында Халықаралық әуе көлігі Ассоциациясының (IATA) мәліметтері алынған.

Туристерге баруға толық тыйым салынған елдер

Жалпы алғанда, бұл тізімге 60 астам елдер кірген. Олардың ішінде: Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменістан, Әзербайджан, Израиль, Сирия, Сауд Аравиясы, Шри-Ланка, Куба, Перу, Аргентина, ЮАР, Марокко, Алжир, КНДР.

Халықаралық рейстерге арналған 15 әуежайын тамыздың 15-не дейін ашу жоспарланған: Тәжікстан, Греция, Румыния, Чили. Тамыздың 31-не дейін қазақстандықтар үшін келесі елдердің шегарасы жабық: Түркменістан, Әзербайджан, Монголия, Индия, Таиланд, Испания, Швеция, Канада, Перу, Колумбия, ЮАР. Сонымен қатар Италия, туристер үшін шектеуді алып тастаудың болжалды мерзімі туралы мәлімдеді – қазанның 15-нен бұрын емес.

Тыйым салуды толық қолданатын қалған елдер, шекараларын ашу датасын әлі хабарлаған жоқ, ҚР азаматтарына қолжетімді екені белгісіз.

Ішінара шектеу қойған елдер

90-нан астам елдер, шетел азаматтарын белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайын екендігі туралы мәлімдеді. Олардың ішінде: Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Армения, Монголия, Канада, АҚШ, Бразилия, Еуропа мемлекеттері (Молдованы қоспағанда), БАЭ, Индия, Қытай, Австралия, Жапония, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин елі және Жаңа Зеландия.

Әзірше аталған ережелер, демалу мақсатында шыққан туристердің көпшілігіне таралмайды. Алайда, шетелге басқа себептермен барушылар үшін, мысалы, ата-аналардың шетелде оқитын баласы бар, операция немесе іссапар жоспарланған болса, ерекше ережелерді сақтау талап етіледі.

Бірінші кезекте, Covid-19 тесті бойынша нәтижесі көрсетілген медициналық анықтамасы шығу күнінен 7 күн алдын-ала, одан кеш емес, берілуі тиіс. Ұшып келгенде туристер медициналық куәландіруден өтеді және жеке карантинде 14 күн болады. Кейбір жағдайларда, жолаушылардың ұшар алдында алынған жол жүру рұқсаты болуға тиіс. Шетелге баратын туристердің коронавирустан сақтандыру полисінің болуы өте маңызды. Мысалы, Covid-19 сақтандыру Қазақстанда жасалған болса, ол бүкіл әлемде заңды қолданады.

Туристерге шекарасын ашқан елдер

Бұл тізімде әзірше 17 ел бар: Украина, Ауғанстан, Сербия, Египет, Мексика, Доминикан Республикасы, Мальдивы және Багам аралдары.

Тыйым салу толық алынғанмен, ұшып келгенде жолаушылар медициналық куәландіруден өтуге және ауруы жоқ туралы анықтамасын ұсынуға тиіс.

IATA тізімінде сонымен қатар, мәртебесі әлі анықталмаған елдер белгіленген, мысалы, Бехрейн, Мартиника, Палестина.

Шектеулері толық немесе ішінара алынғанына қарамастан, көптеген елдерде әліде Covid-19 ауыратындар саны мыңдаған. Мысалы, АҚШ, Бразилия және Индияда саны күні бүгінде өте биік –2275553, 741213 және 587908 оқиға. Сондықтан ҚР азаматтарын шетелдік ұзақ сапарға алдын-ала дайындау қажет.

Коронавирустан сақтандыруды алатын болсақ, ол жайында шетелге шығу алдында 14 күн бұрын қамдану керек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер