Жаңалықтар тізбегі
0

"Abai world challenge": Бүгін Абай өлеңдерін шет тілдерінде оқу челленджі басталады

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2020 17:38 Баспасөз қызметі
Іс-шараға әлем елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҚР Төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады деп күтілуде.

10 тамыз күні сағат 15:00-де «Abai world challenge» атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудан халықаралық челлендж басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігіне ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды онлайн форматқа көшіру тапсырылған болатын. Осыған орай ақынның өлеңдері әлемнің (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян) бірнеше тіліне аударылды. Іс-шараға әлем елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҚР Төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады деп күтілуде. Челлендж тамыз айының 10 мен 17 жұлдызы аралығында жалғасады және министрліктің YouTube каналы, Facebook және Instagram т.б. әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі", делінген министрлік хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: