Алматыда Фтизиопульмонология оңалту орталығының директоры Алишев Олег қайтыс болды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы
Олег Кажмуханұлы талантты дәрігер және өз ісінің маманы болды.

Алматыдағы "Каменское плато" Фтизиопульмонология оңалту орталығының директоры, реаниматолог және анестезиолог Алишев Олег Кажмуханұлы 46 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Олег Кажмуханұлы талантты дәрігер және өз ісінің маманы болды. Медицина саласы үшін бұл орны толмас өкініш.

Алишев Олег Кажмуханұлы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Қазақстанда және шет мемлекеттерде бірнеше рет біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

2012 жылдың мамыр айынан бастап "Каменское плато" туберкулезге қарсы шипажайын басқарды. 2016-2017 жылдары Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері қызметін атқарды.

Алматы қаласының медициналық ұйымдарында, Алматы қаласы Денсаулық басқармасында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы болды.

Олег Кажмуханұлының отбасына, оның тума-туыстарына көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз