15 қыркүйекке дейін ШҚО-да 26,5 мың оқушы мен мұғалім компьютермен қамтамасыз етіледі

9 Қыркүйек 2020, 12:20
Сурет: ANTIKOR

"ANTIKOR LIVE" жобасы аясында "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен "Жаңа оқу жылына сатып алынған компьютерлерді бөлу ашықтығы" тақырыбында тікелей эфир өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мектептегі компьютерлік техника облыс оқушылары мен педагогтарына уақытша пайдалануға беріледі. Бұл туралы "Antikor Ortalygy" сервистік орталығында өткен тікелей эфирде Білім басқармасының басшысы Сайрангуль Жумадилова хабарлады.

Оның мәліметінше, өңір оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін республикалық бюджеттен 26 мыңнан астам ноутбук, компьютер және планшет сатып алуға 4,1 млрд қаражат бөлінген.

Бүгінде біз 550 бірлік техника алдық. Оларды онлайн-оқытуға қажетті сипаттамаларға сәйкестігін тексеру үшін ІТ-технологиялардың жетекші мамандары тартылатын болады. Облыс оқушылары мен мұғалімдерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету рәсімі 15 тамыздан басталды. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушылары, сондай – ақ оқу озаттары қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті Сайрангуль Жумадилова.

Бүгінде облыста үйде компьютерлік техникасы жоқ 23 мыңнан астам оқушы бар. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қалған 3 мыңға жуық компьютер мен планшет техникасы ескірген мектептерге таратылады. Бұл үдерістің ашықтығын аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қамтамасыз ететін болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?