Сағынтаев Президентке індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары жайын баяндады

Ақорда Ақорда
Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса мән беруді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз