Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды

14 Қыркүйек 2020, 14:44
Сурет: Ақ Жайық

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тергеу кезеңіне қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Олар тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша тергелуде. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда оларға параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу немесе мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Айта кету керек, дәл осы күні Таубаев Түркістанға іссапармен ұшуы керек болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?