Жаңалықтар тізбегі
0

Келімбетов жаңа агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

Atameken Business Channel, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 13:53 Atameken Business Channel
Атап айтқанда, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің.

Президенттің Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Келімбетов Қайрат Нематұлы 1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1986 жылы Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік бітірген. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін тәмамдаған, математик.

Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты. 1994-96 жылдары Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде білім алды.1995-96 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.1999 жылы АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.

Еңбек жолы:

ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы - 1996;

ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі - 1996-1997;

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары - 1997-1998;

ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы - 1999-2001;

ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі -2001-2002;

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі - 28.08.2002-18.04.2006;

"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасы - 19.04.2006-23.01.2008;

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - 23.01.2008-13.10.2008;

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы - 13.10.2008-10.04.2011;

ҚР Экономикалық даму және сауда министрі - 11.04.2011-01.2012;

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - (01.2012-10.2013);

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы -.(01.10.2013-02.11.2015);

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы - 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: