Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошақтары табылды

Өңірдің эпизоотиялық жағдайы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Сурет : ҚР АШМ17 Қыркүйек 2020, 14:57

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда: вакциналар алынды, індет тіркелген аумақтар залалсыздандырылуда, құстардың өлекселері жойылуда, құс шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында (Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев) ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелді.

Ұлттық анықтамалық орталық қанаттылардың қырылуының себебі жоғары патогенді құс тұмауы екенін анықтады. Қабылданған ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына аурудың өршуі туралы хабарлады.

Елдегі эпидемиялық жағдайды шұғыл қалпына келтіру және құс тұмауының таралып кетпеуіне жол бермеу мақсатында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылғы 17 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығарыуға уақытша шектеулер енгізді.

Аса қауіпті ауруды жою үшін ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы қазіргі уақытта міндетті іс-шаралар кешенін, оның ішінде құстардың өлекселерін жою, үй-жайлар мен аула аумақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың отандық препарат бөлінді.

Арнайы комиссияның шешімімен ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төлейді.

Өңірдің эпизоотиялық жағдайы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 26 тамызында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Омбы облысынан құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты тірі құстарды, құс шаруашылығы өнімдерін және ілеспе тауарларды Қазақстанға алып келуге шектеу енгізді Алайда, мамандар мен ғалымдардың пікірінше жоғары патогенді құс тұмауының таралуының қоздырғышы тек көрсетілген тауарлардың санаттары арқылы ғана емес, сонымен қатар жабайы қоныс аударатын құстардан да таралуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер