Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал қоғам белсенділері полицияға шақырылды

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 15:32 Polisia.kz
Консультативтік-кеңесші орган 2018 жылдан бастап жұмыс атқаруда.

Шымкент қаласы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің қатары танымал қоғам белсенділерімен толықты, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның жаңа мүшелерін: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Әсет Әссанди және журналист Дастан Башировты қабылдады.

Кездесу барысында Департамент бастығы Консультативтік-кеңесші органның атқаратын қызметі мен қоғамдағы рөліне тоқталып, алдағы жұмыстарды бірлесіп жандандыру қажеттігін атады. Халықтың ішкі істер органы қызметіне сенімін арттыру және Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасын нығайту керек екенін айтты.

Сонымен қатар консультативтік, әдістемелік және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуде орган тарапынан көмек көрсету қажеттілігін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу арқылы жемқорлықты жоюға күш-жігерді біріктірудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ішкі істер органы қызметінің өзекті мәселелері туралы қалың көпшілікті жан-жақты ақпараттандыру керек екенін атап өтті.

Айта кетейік, аталмыш орган 2018 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Оның құрамында ҚР Ішкі істер Министрлігінің құрметті ардагерлері, қоғам белсенділері мен журналистер, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, партия және тағы да басқа сала өкілдері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: