Алматы полициясы "жарысатын" шулы көлік жүргізушілерін жазалауда

12 Қазан 2020, 16:17
Сурет: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматыда 1 мың 300 жүргізушіге автокөліктің шу деңгейін ұлғайтқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы "жарыс" ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтік іс-шараларын жалғастыруда.

"Әдетте, кейбір автокөлік жүргізушілері тікелей ағынды резонаторлық саптамаларды қолдана отырып, азаматтардың тыныштығын бұзады, автокөліктер мен мотоциклдер шығаратын шу деңгейінің жоғарылауына байланысты азаматтардың тарапынан әділ сын тудырады. 2020 жылдың 9 айында рұқсатсыз түрлендірілген көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 7 бөлігі бойынша 1 мың 299 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін 15 мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 74 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды", - деді, Алматы қалалық әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?