Жаңалықтар тізбегі
0

Эмомали Рахмон бесінші рет Тәжікстан президенті болып алды

Коммерсантъ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 22:35 Коммерсантъ
Эмомали Рахмон қолын Конституцияға қойып, Тәжікстан халқына ант берді.

Тәжікстанның тағы бір мерзімге сайланған президенті Эмомали Рахмон ант қабылдады: салтанатты жиын жұма күні "Кохи Сомон" үкімет резиденциясында өтті. Рахмон Тәжікстан президенті қызметін бесінші мәрте атқарады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Эмомали Рахмон қолын Конституцияға қойып, Тәжікстан халқына ант берді.

Тағы жеті жылға сайланған президент Тәжікстанды энергетикалық тәуелсіздікке жеткізіп, коммуникациялық тығырықтан шығаруға уәде берді. Бұған қоса ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Тәжікстан басшысы соңғы жылдары елдің жалпы ішкі өнімі өскенін, кедейшілік әлдеқайда азайғанын мәлімдеді. Алайда билік бәсекелестері Тәжікстан экономикасының жағдайы мүшкіл деп отыр.

Эмомали Рахмон көші-қон мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, шетелде жүрген еңбек мигранттары 1, 1 миллионнан 460 мыңға азайды. Дегенмен, Ресей билігінің мәліметінше, бұл елде 1 миллионнан астам тәжік мигранты бар.

Инаугурация салтанаты 30 қазанда таңертең басталды. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Бахтиёр Хуждоёрзода Эмомоли Рахмонға Тәжікстан президенті куәлігін тапсырды. Одан соң Конституциялық сот төрағасы оған президент билігінің белгісін табыс етті.

Еске салайық, Тәжікстанда президент сайлауы 11 қазанда өтті. Оған бес кандидат қатысты. ОСК мәліметі бойынша, Эмомали Рахмон сайлаушылардың 90 пайыздан астам дауысына ие болған.

Халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Тәжікстанда бір де бір сайлау халықаралық стандарттарға сай, әділ өткен емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: