Пневмониямен ауырғандарды саны кемімей тұр

bashinform.ru bashinform.ru
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркелді.

Қазақстанда пневмонияға шалдығушылардың саны артып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркеліп, одан 85 адам емделіп, сауығып кетті.

1 тамыздан бастап мынандай деректер тіркелді: коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 40 488 жағдайы, одан қайтыс болған науқастар саны - 421, емделіп, жазылғандары - 29 719.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан өлім-жітім артып барады. Бір тәулікте коронавирустан жеті адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 9 541 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алуда, оның 468-і - балалар. Ауруханаларда 2 911 науқас, ал амбулаториялық жағдайда 6 550 науқас емделіп жатыр. 227 адамның жағдайы ауыр, 24-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚР ДСМ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз