Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

23 Қараша 2020, 10:49
Сурет: Берік Уәли/Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында барды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?