Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн режимде қабылдады

Instagram Instagram
Көтерілген мәселелердің бір бөлігі тұрғын үйге, әлеуметтік бағыттарға, кәсіпкерлікке және т.б. қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қала тұрғындарын онлайн қабылдады. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Қала тұрғындарын онлайн қабылдадым. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды. Мәселелердің бір бөлігі тұрғын үйге, әлеуметтік бағыттарға, кәсіпкерлікке және т.б. қатысты. Мысалы, жақында тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Кезекке тұру, кезек нөмірін, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттарын тексеру, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер мәселелері және т.б. бойынша кеңес беріледі. Әлеуметтік мәселелер бойынша бір жылдан астам "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді (Бейбітшілік даңғылы, 14). Орталықта мамандар жұмысқа орналасу, медицина, білім беру мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді. "IQala" қалалық қызмет көрсету орталығында (Қошқарбаев даңғылы, 29) бизнес үшін кеңес алуға және тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін "бір терезе" қағидаты бойынша, сондай-ақ онлайн режимінде алуға болады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз