Кафедегі жарылыс: Қайтыс болған азаматтың туысқандарына 1 млн теңге беріледі

23 Қараша 2020, 17:49
Сурет: ҚР ТЖМ

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы елордалық кафедегі жарылыстан қаза тапқан адамның туыстарына көмек көрсетілетіндігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Марқұмның туыстарына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, марқұмның денесін Қызылорда қаласына әуе тасымалы арқылы жеткізуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, әкімдік қажетті құжаттарды алуда да жәрдем береді, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Айта кетсек, 21 қарашада түстен кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыстан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы 23 адам әртүрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілді.

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Елорда әкімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға қаладағы басқа қоғамдық тамақтану орындарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?