Нығматулин: "Астық туралы" заң жобасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

24 Қараша 2020, 11:59
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген "Астық туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:

- Соңғы кезде пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізді. Сауда-экономикалық байланыстар азайды. Бұл жағдай, әрине, азық-түлік мәселесіне де әсер етеді. Ал, астық мәселесі – ол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ. Сондықтан, осы Заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар өте маңызды, бүгін өте керек нәрсе, - деді.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?