Шыңжаңдағы ұйғырлар жағдайына Рим папасы алаңдап отыр

26 Қараша 2020, 11:33
Сурет: Reuters

Рим папасы Франциск ұйғырларды қуғынға тап болған ел деп атады. Католик шіркеуінің басшысы бұл туралы алғашқы жолы Қытайдың Шыңжаң аймағында азшылық өкілдерінің құқықтары бұзылып жатқаны бойынша хабарлар таратып жатқан кезде мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Мен қуғынға тап болған рохинжа, байғұс ұйғырлар, йезиддер жөнінде көп ойланам" деп айтылған понтификтің "Келіңдер, армандайық: жарқын болашаққа қарай" атты кітабында. Кітап 23 қарашада басылып шықты.

Осыған дейін папа Мьянмадағы рохинжа азшылығының репрессияға тап болғаны, Ирактағы йезиддердің "Ислам мемлекеті" террорлық ұйым тарапынан өлтіріліп жатқаны жөнінде айтып келген, бірақ ұйғырларды азап шегуші халық ретінде айтқан емес.

Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар және қырғыздар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілдері лагерлерде негізсіз қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?