Ақтөбелік әйел зар жылайды: ұлын ұрлап кетіп, өлтіргендер жазасыз жүр

26 Қараша 2020, 23:22
Сурет: видеодан кадр

Ұлымды алып кеткен көлік табылды, ал қылмыскер қайда?! Ақтөбелік Райхан Есенаманова ұлының өліміне қатысы бар күдіктінің үш жылдан бері табылмағанына наразы. Жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, артынан денесі табылған кәсіпкер жігіттің ісі әлі күнге дейін ашылмай отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Неге мені баламнан айырды, жауыздар? Неге жазасын алмайды? Менің жанымды қинайтыны - жарығымды ит пен құсқа жем қылып, тастап кетті".

Жалғызын жоқтаған ананың қандықол қылмыскерді тауып беруін сұрап, бармаған жері жоқ. Құзырлы органдардың барлығына шағымданған. Бірақ, нәтижесін көрмегенін айтады. Бастапқыда қолындағы бар айғағы базардың видеокамерасына түсіп қалған жазбаға сендім дейді. Онда ақ джиптің қақпада сәл аялдап, кейін Ерханның көлігінің жанына барып тұрғанын көруге болады. Кейін кәсіпкер осы көлікке отырып кеткен. Райхан Есенаманова көлік табылғанымен, қылмыскердің әлі ұсталмағанына таң қалады.

Райхан Есенаманова, марқұмның анасы:

Неге бұл машина тексерілмейді? Бұл машинаның хозяины неге текскерілмейді? Ол жай адамның машинасы емес. Анау-мынау адам Land Cruiser 200 мінбейді. Мінген адам күйі жақсы болып тұр. Істің осы уақытқа дейін тоқтап тұрғаны да соның себебі деп ойлаймын. Талабым - осы машинаны арестке қойды. Неге қылмыс ашылмайды? Мен бұл машинаны тауып, жазасын бермейінше, жаным жай таппайды!

Ерханның анасының тергеу жұмыстарына қатысты сұрағы өте көп. Мысалы, ұлын алып кеткен көліктің 2 айдан соң иесіне қайтарылып, кейін сатыплып кеткені де күмәнімді тудырды деп отыр. Райхан Есенаманованың шағымынан полицейлер де хабардар. Іс бақылауда екенін айтты.

Самат Әйісов, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары:

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мезімдері үзілді. Уақытша үзілгенде, күдікті адам анықталмаған уақытта, қылмыстық іс бойынша процецуалды кодекс бойынша, күдікті адам анықталмаса, уақытша тергеу әрекеттер жүргізілмей, үзіледі, ал әрмен қарай жедел жұмыстар жүргізіле береді.

Еске сала кетейік, Райхан Есенаманованың ұлы Ерхан базарда қарбыз сатып тұрған жерінен жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет оның қымбат көлікке мініп бара жатқанын көргендер бар. Кейін кәсіпкер жігіттің далада жатқан мәйітін малшы тауып алды. Марқұмның артында екі баласы мен жары қалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?