Жамбыл облысында жоғалған жасөсіпірім табылды

polisia.kz polisia.kz
Ол өз бетімен үйіне оралған.

Жамбылдық тәртіп сақшылары жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz-ның хабарлауынша, 2020 жылдың 29 қарашасында сағат 22:30-да Жамбыл аудандық полиция бөлімшесіне Жалпақ төбе ауылының 33 жастағы тұрғыны 14 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағандығына арызданған. Полиция қызметкерлері дереу баланы іздестіру бойынша шаралар қабылдап, іздеу жұмыстарына волонтерлар мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Қарлы боран мен қалың қардың жауғанына қарамастан, баланың өмірі мен денсаулығына алаңдаған адамдар түні бойы іздеу жұмыстарын жалғастырды. Бірнеше сағат ішінде ауыл тұрғындары мен іргелес аудандардың тұрғындары, жасөспірімнің сыныптастары сөзге тартылып, сұрақ-жауап алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Алайда бала ата-анасының полицияға жүгінгенін біліп, өзі үйіне оралды.

Баланың айтуынша, ол отбасылық жанжалдың салдарынан анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз