Алматы Орталық мешітінің ауласында жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы Орталық мешіті Алматы Орталық мешіті
ҚМДБ ғимаратының кіре беріс баспалдағы жасылдандырылып, екі маусымдық гүлзарлар егілді.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігі мен Алла үйіне жанашыр кәсіпкер азаматтардың қолдауымен Алматы Орталық мешітінің ауласында күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды zakon.kz Орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде сол жақсы ниетпен басталған игі іс аяқталып, қала тұрғындары мен қонақтарының құрметпен бас сұғып тұратын киелі ордасы, сүйікті құлшылық үйі ретінде қызмет көрсетіп келеді.

Алла үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мешіт ауласындағы ескірген қырлы кеспе тастардың (брусчатка) орнына соңғы үлгідегі қырлы кеспе тастар (752,4 м2 "Старый город", 3101 м2 "Квадрат" төсеніш тастар) мен 3875 м2 гранит тастар төселіп, 1584,7 м2 асфальбетон жабынымен жаңартылды.

ҚМДБ ғимаратының кіре беріс баспалдағы жасылдандырылып, екі маусымдық гүлзарлар егілді. Мешіт ауласына 120 түп туя шыршасы, 16 түп қарағай ағашы, 65 түп бұталы сәнтал (изгородь) отырғызылып, арнайы автосуарғыш жүйесі бар көгал (2938 м2 газон) төселді.

Мешіттің екі жағына сырттағы жамағатқа имамның мінбердегі айтқан уағызы тікелей көрсетіліп тұру үшін екі LED экран (диогоналы 4800х3840, 3840х2880), 4 ақпарат және 2 жарнама тақтасы орнатылды.

Айта кететін жайт, мешіттің іске жарайтын ескі қырлы кеспе тастары (брусчатка) жөндеуге зәру қала мешіттеріне жеткізілді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-12/1607483870_18-min.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-12/1607483898_21-min.jpg

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз