24 желтоқсанда 5 партияның өкілі орысша-қазақша дебатқа түседі

23 Желтоқсан 2020, 16:52
Сурет: googleusercontent.com

2020 жылдың 24 қаңтарында "Алматы" арнасында Алматы қаласы маслихатының депутаттығына үміткер саяси партиялардың кандидаттары арасында пікірталастар өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылдың 14 желтоқсанындағы № 56/1 Қаулысымен бекітілген Регламент бойынша телеарнадағы пікірталастар 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде кандидаттар сайлаушыларға өз партияларының сайлауалды бағдарламасының басты бағыты жайлы айтады, екінші кезеңде Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғалады, үшінші кезеңде кандидаттар сайлаушыларға үндеуін жолдайды.

Пікірталастар мемлекеттік тілде және орыс тілінде өтеді.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырған жеребе тартуы бойынша бірінші айналымның бірінші кезеңінде мына кезектілік белгіленген:

1. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

2. "ADAL" саяси партиясы

3. Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы

4. Қазақстан халық партиясы

5. "NUR OTAN" партиясы

Әрбір келесі айналымда қатысушылар алдыңғы тәртіпке кері кезекпен шығады.

Телевизиялық пікірталастарға қатысатындар Алматы қаласы маслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен олардың сенімді адамдары болып табылады.

"Алматы" арнасындағы телевизиялық пікірталастардың басталуы – 2020 жылдың 24 желтоқсанында сағат 20.00.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?