Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіретін ұйым жұмыс істейді деген ақпарат - жалған

stopfake.kz stopfake.kz
Жұртшылыққа тек ресми дереккөзге сенуге кеңес беріледі.

Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады. Әлеуметтік желілердегі ақпаратта оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров деп көрсетілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Желі қолданушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда.

stopfake.kz сайты, шындығында, мұндай ұйым жоқ екенін баса айтады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-12/thumbs/1608896397_89.png

– Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Айта кетейік, фейк ақпараттың бастапқы дереккөзі жойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз