Алматылық жігіт 26 тонналық вагонды тісімен сүйреп, рекорд орнатты

Алматы ТВ Алматы ТВ
Мұндай жаттығуды ешкімге қайталамауға кеңес беремін – рекордсмен Александр Данчев.

Алматылық Александр есімді жігіт елімізде бұрын соңды болмаған рекорд орнатты, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ол 26 тонна болатын вагонды 2,5 метрге дейін тісімен жылжытып, Қазақстанның "ГИНЭС" рекордтар кітабына енді. Еске салайық, бұл оның осыған дейін жасаған екінші рекорды.

"Мен әуелі ғаламтордан америкалықтардың көлікті қалай сүйреп жатқанын көрдім. Содан бастап қызығушылығым оянып, жеңіл көліктерді тісіммен жылжыта бастадым. Нәтижесінде осындай деңгейге жеттім. Бұл жаттығуды орындау өте күрделі әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай жаттығуды ешкімге қайталамауға кеңес беремін", – деді рекордсмен Александр Данчев.

"Біздің Қазақстан рекордтар кітабының басқа рекордтардан ерекшелігі адамның денсаулығына зақым келетін рекордтарды тіркемейміз. Бірақ жаңағы рекорд спортқа жатады", – деді Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз