Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

7 Қаңтар 2021, 13:29
Сурет: Ақорда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қымбатты отандастар!

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.

Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?