Қапшағайда балықшыларға қарсы рейд жүріп жатыр

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Балық аулау кезінде тазалықты сақтау керек, автокөлікпен мұзға шықпаған жөн.

2021 жылдың 7 қаңтарында Қапшағай қаласы ПБ Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары Қапшағай инспекциясы басшысының, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметі қызметкерлерінің қатысуымен Қапшағай су қоймасында бірлескен рейд жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд барысында әуесқой балықшылар арасында балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі, мұзда болу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ әуесқойлық балық аулауды жүзеге асыру орындарын таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен 2020 жылы табиғатты қорғау саласы бойынша 7 қылмыстық іс тіркеліп, 68 әкімшілік ұйғарым шығарылғанын атап өткім келеді, - деп хабарлады Қапшағай қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Рауан Шалбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде нұсқау берген болатын.

Барлық әуесқойларға балық аулауды жүзеге асыру кезінде мұзда тазалықты сақтау, автокөлік құралымен мұзға кірмеу, сондай-ақ өзінен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау туралы өтініш білдіргіміз келеді. Табиғатқа мұқият болуға шақырамыз, - деп толықтырды майор Шалбаев.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-01/thumbs/1610093954_8f1b80d3-1725-471f-a2e5-cc71ceec4812.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз