Ұлттық кеңестен Асылбек Қожахметов, Ермек Тұрсынов, Шыңғыс Мұқан кетті

Yvision.kz Yvision.kz
Кезекті ротация жасалды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында кезекті ротация жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Telegram-каналында Тоқаевтың көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жазды.

Кеңес құрамына "Adal" партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев кірді. "Казинформ" ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Аскар Умаров кірді. Бұған дейін кеңеске "Nur Otan", "Ақ Жол", Қазақстанның халық партиясы мен "Ауыл" партиясының өкілдері кіріп алған еді. Сондай-ақ, кеңес құрамы Тәттігүл Талаевамен толыққан болатын.

Жастар жағынан Ұлттық кеңеске "Team Qazaqstan" қозғалысының қатысушысы Қайсар Тұрсынғожа, ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясының стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова мен "StopFake.kz" жобасының жетекшісі Александр Данилов кірді.

Ротация аясында кеңестен Асылбек Қожахметов, Ермек Тұрсынов пен Шыңғыс Мұқан кетті.

Қазір Ұлттық кеңестің бесінші отырысына дайындық жүріп жатыр. Оның қашан өтетіні кейінірек хабарланады.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз