Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2021 21:45 azattyq.org
Жастар ресурстық орталықтарына жүргізілген мониторингпен 1 млн теңгеге жуық заңсыз төленген айлық пен іс-сапар шығындары бюджетке кері қайтарылды.

2020 жылы Тараз қаласында тұрғын үй қорынан тұрғынжайды мұқтаж азаматтарға беру бойынша заңсыз қабылданған қаулының күші жойылып, 2020 жылы пәтерлер мен жатаханаларды 2006-2007 жылдардан кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев мәлім етті.
Оның сөзінше, Тараз қаласы және аудандардың әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәслихат шешімдерінен артық құжаттарды талап ету нормалары жойылды.

Осыған дейін, үлгілік қағидалар негізінде жұмыс істеп келген Тараз қаласы әкімдігінің жер комиссиясы, Департаменттің ұсынысы негізінде қала әкімдігінің қаулысымен жер комиссиясының ережесі қабылданды. Сол сияқты, облыс әкімдігінің қаулысымен білім беру ұйымдарына оқушыларды қабылдау қағидалары бекітілді.

Сонымен қатар, мониторинг қорытындысымен Жастар ресурстық орталықтарына жүргізілген мониторингпен 1 млн теңгеге жуық заңсыз төленген айлық пен іс-сапар шығындары бюджетке кері қайтарылды.

Ал Жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг қорытындысымен, ұзақ мерзімде пайдаланылмай жүрген Тараз қаласындағы коммерциялық мақсаттағы 3 жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Ұсыныстар негізінде өз фукционалдық міндеттемелерін дұрыс орындамаған 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Рухани Жанғыру" жобалық кеңсесі қызметіне жүргізілген талдау нәтижесімен 8,2 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Аталған сомма мемлекеттік бюджетке толығымен қайтарылды.

Экология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен биологиялық негіздемелер жүргізбегендігіне байланысты 9 мемлекеттік экологиялық сараптамаларының күші жойылды.

Табиғи ресуртар басқармасына енгізілген ұсыныстар нәтижесінде облыс әкімінің қаулысымен 12 су айдындары мен аңшылық алқаптары бойынша келісім шарттар бұзылып мемлекетке кері қайтарылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандардағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссия құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін енгізу бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижесіде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып бүгінгі күнге 626 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: