Жұртқа енді пойыздағы судың уланғаны туралы хабарлама келе бастады

ecocenter.pro ecocenter.pro
Жақын арада тергеу басталады.

Қазақстандықтарға бұл жолы жолаушылар пойыздарында ауыз су құрамындағы зиянды заттар туралы хабарламалар келуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған "бірдеңе қосады" деп жазылған жазбаны талқылауда. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-01/1611304769_feyk.jpeg

Пост мәтініне қарағанда, оқиға "Алматы-Павлодар" бағытындағы пойызда болған. "ҚТЖ" АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, – делінген "ҚТЖ" АҚ жауабында, деп хабарлайды stopfake.kz.

Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз