Танымал "тик-токшылар" айына қанша табыс табатынын айтты

28 Қаңтар 2021, 14:49
Сурет: видеодан алынды

Қазақстанда жастар арасында кеңінен танымал тиктокерлер айына қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы тиктокерлер Гүльзана Талғат, Таир Қали, Диас Алпысбаев "Алматы" телеарнасының "Таңғы студио" бағдарламасында айтты.

Tiktok – қысқа музыкалық видеолар мен тікелей эфирді түсіруге және түрлі хабарлармен алмасуға мүмкіндік беретін платформа. Бүгінде тиктокте көрермені көп саналатын жастар видео түсіру арқылы айына қанша табыс табатынын айтты.

"Айына қанша табыс табатынымызды айта алмаймын, бірақ жақсы өмір сүруімізге жеткілікті" – деп жауап берді Тайыр Қали.

Тиктокерлер жұмыс істеулеріне ыңғайлы болуы үшін TikTok House-та бірге тұрып жатқан көрінеді.

"TikTok House-та жарты жылдан бері бәріміз бірге тұрып жатырмыз. Қазір сегіз адам бар: 5 жігіт, 3 қыз. Қыз бен жігіттер тең болуы үшін қыздардың санын көбейтеміз", – дейді Тайыр Қали.

Жастар TikTok House-тағы күн тәртібі мен видео түсірудегі қызықтары туралы да айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?