Алматы индустриялық аймағының директоры тағайындалды

indzone.kz indzone.kz
Ол Әділ Амралин.

"Алматы" ӘКК" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Әділ Амралин "Алматы – индустриалды аймағы" ЖШС директоры, басқарма басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әділ Ақылбекұлы Амралин 1984 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (экономика және құқық бакалавры), MBA UBIS университетінің (Швейцария, Женева) және MBA КазГЮУ (Қазақстан, Астана) бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ директорлар кеңесі төрағасының ассистенті болып бастаған. Әр жылдары "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ президентінің кеңесшісі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ жоспарлау және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінде мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылы "Алматы" Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2020 жылдың тамыз айынан бастап "Алматы - индустриалды аймағы" ЖШС-де директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары, директордың м.а. лауазымында жұмыс істеді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз