Доллардың құны 419 теңгеден де төмендеді

8 Ақпан 2021, 11:38
Сурет: yandex.ru

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 11: 00-де белгіленген доллардың орташа бағамы тағы 1,55 теңгеге төмендеп, 418,86 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақша айырбастау орындарында бір АҚШ доллары 418,2-420,7 теңгеден, еуро - 505-507 теңгеден, Ресей рублі 5,6-5,65 теңгеден сатып алынып/ сатылып жатыр.

Сонымен қатар, 8 ақпандағы сауда-саттық көрсетіп отырғандай, мұнайдың әлемдік бағасының көтерілуі жалғасуда.

WTI маркалы мұнайының наурыздағы фьючерстері 1,07% өсті, ал бір баррелі 57,46 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 1,04% өсіп, бір баррелі 59,96 долларды құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?