Жезқазғанда жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланады

10 Ақпан 2021, 14:47
Сурет: 24.kz

Жезқазған қаласының әкімдігі "Жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешім жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат 10 ақпанда көпшілік талқысы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

"Кісі өліміне әкеп соғуы ықтимал төтенше жағдай қаупіне байланысты Абай көшесіндегі No 53, 55, 57, 59, 63, 69, Байқоңыров көшесі бойындағы No 22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50, Омарова көшесіндегі № 30 көп пәтерлі тұрғын үйлерінде, Некрасов көшесіндегі көп қабатты № 13 үйде, Мира көшесіндегі № 3 көп пәтерлі үйде, Алашахан көшесі бойындағы көпқабатты №24 (4-кіреберіс), Жеңіс көшесі бойындағы No11 көппәтерлі үйде, Шевченко көшесіндегі №23 көп пәтерлі тұрғын үйде (1 кіреберіс), Жезқазған қаласының Жезнодорожная көшесіндегі № 19 көп пәтерлі үйде жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", делінген құжатта.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл үйлер апатты жағдайда және 2020-2025 жылдарға арналған апатты және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын қоныстандыру бағдарламасына сәйкес сүруге жатады.

Бұл нормативтік құжатты қабылдау бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажет, деп атап өтті әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 апатты үйдің тұрғындарын көшіру 2020 жылы басталды, 55 пәтер иелеріне жалпы сомасы 245 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. 24 үйдің тұрғындарына (259 отбасы) өтемақы төлеуге қала бюджетінен 1,5 миллиард доллар қарастырылған, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тозығы жеткен үйлердің тұрғындары өтемақыны өз қалауы бойынша қолдана алады: екінші нарықтан баспана сатып ала алады немесе жаңа үй сатып алғанда жетіспейтін соманы төлеу үшін жеңілдетілген несие алады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?