Павлодарда қолында жас баласы бар әйел жоғалып кетті

Pavlodarnews.kz Pavlodarnews.kz
Еріктілер жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 87474 615 55 63, 8 777 334 82 01 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Павлодарда қолында жас баласы бар әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметіне сәйкес, "Поисковики города Павлодара Vita" ҚБ-де 11 ақпан күні жас келіншек баласын алып, Вс. Иванов көшесі, 71 мекенжайындағы үйден шығып кеткені айтылады.

Оның қайда бет алғаны әлі ешкімге белгісіз.

Разия Крутько орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр, бойы шамамен 170 сантиметр. Көздерін сәл қысатын әдеті бар, - деп атап өтті еріктілер.

Үйден шыққан күні ол капюшоны бар қара күрте, сұр снут және қара етікте болған. Қолында қара көк түсті сөмкесін алып шыққан. Жас ананың екі жасар ұлы Тимур сұр және қызыл түсті комбинезон мен көк түсті бас киім киіп шыққан.

Еріктілер жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 87474 615 55 63, 8 777 334 82 01 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз