Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 23:12 Ақорда
Тараптар халықаралық нарықтағы бүгінгі үдерістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, энергетика саласындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Қазақстан Президенті екі елдің пандемияға қарсы күрес жұмыстарына оң бағасын берді. Қарағанды қаласында «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды. Екі елдің үкіметтері ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізу туралы келісімге келді.

"Өзара уағдаластықтар мен тапсырмаларды орындау мақсатында екі ел үкіметтері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, нақты шешімдер қабылдап жатыр. Биыл Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы келісім жасалды. Ал оны өткізу формасына қатысты нақты шешім эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданады", делінген хабарламада.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытуға және оның әлеуеті мен беделін нығайтуға қатысты барлық ұсыныстарымен келісті. Президенттер аталған интеграциялық бірлестіктің қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.

Тараптар халықаралық нарықтағы бүгінгі үдерістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, энергетика саласындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық интеграцияның негізгі проблемаларына қатысты екі елдің ұстанымдары мен көзқарастарының сәйкес келетініне көңілдері толатынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: