Перизат Сәдуақас жаңа қызметке тағайындалды

22 Ақпан 2021, 11:38
Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың бұйрығымен Агенттіктің Серіктестік департаментінің директоры болып Перизат Сәдуақас тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Перизат Сәдуақас бұл қызметке дейін Серіктестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Қарағанды облысында туған. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қазақстан тарихы", "Юриспруденция" мамандықтары бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Университет бітірген соң Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің оқытушысы болған.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, М.С.Нәрікбаев атындағы "КАЗГЮУ Университеті" АҚ, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?