Түркістанда футбол тойы: 4 клуб Қазақстан суперкубогына таласады

Түркістан облысының ӨКҚ Түркістан облысының ӨКҚ
Карантиндік жағдайға байланысты ойындар жанкүйерсіз өтетін болады.

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған "Turkistan arena" стадионында 2-6 наурыз күндері аралығында Қазақстанның футболдан суперкубок ойындары өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда "Шахтер", "Астана", "Тобыл", "Қайрат" футбол командалары ойын көрсетеді. Карантиндік жағдайға байланысты ойындар жанкүйерсіз өтетін болады. Әрбір матчты көрермендер "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді.

Облыс орталығындағы жаңадан ашылған стадионда мұндай республикалық деңгейдегі жарыстың өтіп жатқандығы көңіл қуантады. Стадионда футболшылар үшін барлық жағдай жасалған. Ұйымдастыру алқасы доданың жоғары деңгейде өтуіне күш салатын болады. Орталық стадионда 2 наурыз күні жартылай финалда "Шахтер" – "Астана" командалары кездессе, 3 наурыз күні "Тобыл" мен "Қайрат" бақ сынайды. Ал 5 наурыз күні 3-орын үшін ойын өтсе, 6 наурызда финалдық кездесу болады. Барлық командаларға сәттілік тілеймін, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, брифингке қатыстқан облыстық бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан қаласында футболдан ел суперкубогын өткізу бойынша қабылданған қаулымен таныстырды.

Қаулыға сәйкес, штабтың барлық мүшелері, команда ойыншылары, спортшылар, БАҚ өкілдері және суперкубоктың басқа да қатысушылары алдын ала ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл ретте ПТР тестін суперкубок басталғанға дейін 3 тәулік ішінде тапсыру қажет. Суперкубоктың барлық қатысушылары қол алысудан немесе тікелей басқа адамдармен байланысу түрлерінен аулақ болуы керек. Жарыс күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өтетін болады, - деді Нұрбек Садықбекұлы.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз