Жаңалықтар тізбегі
0

Қазаққа Алғыс айту соңғы жылдары сұйылып кетті

Sputnik / Розов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 21:35 Sputnik / Розов
Қазақ жеріне келіп, аман-сау қалған этностардың қазаққа алғыс айтуы емес, жай ғана Алғыс айту күні болып қалды.

Мысалы Ұстаздар күні бар. Ол күні біз бізді мектепте, ЖОО-да оқытқан ұстаздарымызға алғыс айтып, құттықтап жатамыз. Нақты. Құттықтайтын объект белгілі, ол аяулы да ардақты ұстаздар қауымы. Мақсаты әріп үйретіп, неандерталь миымызды хомосапиенс деңгейіне жеткізген жандарға құрмет көрсету. Әдемі мереке, деп әңгіме бастады желіде Асхат Қасенғали.

Енді осы күннің мәнін біреу бұрмалап, "ұстаз деген кең ауқым, ең бірінші ұстаз ол - өмір", "менің ұстазым маған тәлім-тәрбие берген әке-шешем, өмірлік ұстаздарым" деп өзгертіп жіберсе ше? Мерекенің түгі қалмайды, мәні де, мағынасы да өзгереді.

Мына Алғыс айту күні де сондай ғой. О баста Елбасы Қазақ жеріне келіп, 1930-40-жылдары туған жерінен қуылып, вагондармен тиеліп, әділетсіз қиындық кешіп, Қазақстанға әкелінген ұлттардың кең жүрек қазақ халқына алғыс айту күні ретінде шығарған еді. Идеологиялық мереке ғой. Өзіміз қолдан жасалған аштықтан миллиондап қырылып, артынша саяси қуғын-сүргін көріп, атылып, шабылып жатсақ та, ішерге ас, киерге киім таппасақ та, жаһандық соғысқа боздақтарды жүз мыңдап жіберіп, қайғыдан қан жұтып отырсақ та, депортацияланған сан түрлі ұлтқа бір үзім нанды бөліп бердік. Аман алып қалдық. Міне, сол жақсылығымызды ұмытпай, қазаққа осында тұратын өзге ұлттар алғыс айтсын, халықтар арасындағы достық, татулық сезімі күшейе түссін деген ниетпен жасалған болатын.

Бірақ біз әдеттегідей мәнін өзгерттік. Бас жақтан бастап, қарапайым деңгейге дейін. Класстастар партада бірге отырған досына кезінде диктант көшіріп, қалам бергені үшін, группаластар талай емтиханды бірге жапқаны үшін, достар анау-мынаудан аман шыққаны үшін, ерлі-зайыптылар бір-бірінің қанын ішкенге шыдап жүргені үшін, "барым үшін", "арайлап атқан таңым үшін", "мені туғаның үшін", "белді бекем буғаның үшін" АЛҒЫС деген деңгейге түсіп кетті немесе түсіп барады.

Бұл күн Халықтар Ассамблеясының ұйымдастыруымен алдымен Парламентте (Ассамблея депутаттары бастап) қазаққа алғыс айтып, артынша түрлі этностардың мәдени ошақтарда, телеарна, радио арқылы алғыс, жылы лебізін білдіруі арқылы басталса дұрыс еді. 2016-да солай болды. Қазір де айтылып жатыр, бірақ дәл бастапқыдай емес. Соңғы жылдары сұйылып кетті, оны өзіміз жасадық. Сөйтіп мәні Қазақ жеріне келіп, аман-сау қалған этностардың қазаққа алғыс айтуы емес, жай ғана Алғыс айту күні болып қалды. 18 млн халық бір-бірімізге алғыс айтып, тату-тәтті тұрған жақсы. Бірақ идеологияға да мән беру керек-ау, дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: