Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Алексей Андронов /ТАСС Алексей Андронов /ТАСС
Қазақстан үшін міндеттемелер сәуір айында тәулігіне 1,457 млн баррельді құрайды.

4 наурызда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде бүгінгі таңда коронавирустың таралуына қарсы күресте оң динамика және мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың біртіндеп қалпына келуі байқалатынын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылғы сәуірге ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 20 және 130 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер сәуір айында тәулігіне 1,457 млн баррельді немесе базалық деңгейден -15% құрайды. (тәулігіне 1,709 млн.барр - 2018 жылғы қараша деңгейі).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз