Қарасай ауданының тұрғындары генерал-майор Кудебаевқа алғыс айтты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының бас полицейі Кудебаевтің екі сағат бойы жүргізген тікелей эфиріне тіпті ШҚО тұрғындары кіріп кетті.

Бүгін Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев "қадамдық қол жетімділіктегі полиция" қағидатын іске асыру мақсатында кезекті рет халықпен кездесу өткізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған онлайн кездесу барысында полиция басшысына Алматы облысымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың кейбірі облыстың бас полицейіне полиция қызметін жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтса, кейбірі қылмыстық істердің тергеу жұмыстарына шағымданды. Барлық мәселе бойынша генерал тиісті тапсырмалар беріп, өз бақылауына алды.

Бұған дейін берілген тапсырмалардың оң нәтижелерін көрген тұрғындар полиция қызметкерлерінің еңбегіне жеміс тілеп, нәтиже білдірді. "aayashqa" есімді әлеуметтік желіні пайдаланушы: "Қаскелеңнің патрульдеріне, бастықтарына алғысымыз шексіз! Солардың арқасында ешқандай кептеліс жоқ",- деген жазба қалдырып, тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Өз кезегінде Полиция департаменті тұрғындарды белсенді болуға және қоғамдағы құқық бұзушылықтармен бірлесіп күресуге шақырады. Облыстағы белсенді блогерлер бас полицей Серік Кудебаевпен әлеуметтік желіде тығыз қарым-қатынас орнатып, көп мәселелерді шешуге ұйытқы болып отырғанын айта кеткен жөн.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз