Алматыда карантиндік шаралар күшейтіледі

11 Наурыз 2021, 12:08
Сурет: youtube.com

Алматы "қызыл" аймақта болуына байланысты қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 13 наурыздан бастап жаңа қаулының күшіне енетінін хабарлады.

24.kz мәліметі бойынша, бұдан былай кездесулер мен басқа да іс-шаралар тек онлайн түрде өтеді.

Ашық базарлар жексенбі, ал жабық базарлар сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Фуд-корттар тек алдын ала берілген тапсырысты жеткізіп береді. Сауда орталықтары демалыс күндері жабылады.

Шектеу кафе мен мейрамханаларды да айналып өткен жоқ. Оған таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін баруға болады.

Ал театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдары өз жұмысын мүлдем тоқтатады.

Сонымен қатар өңіраралық және қалалық ішінара жүретін туристік көлік қозғалысына тыйым салынады.

Коронавирустың алдын алу үшін ертелі-кеш қарбалас сәтте қоғамдық көліктердің санын арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ наурыз және басқа да мерекелік ұжымдық іс-шараларды жаппай тойлауды ұйымдастыруға тыйым салынады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?