Н.Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

11 Наурыз 2021, 13:01
Сурет: Ж.Құспанов

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстан мен Британия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өткен Палата Спикері осы жылдар ішінде елдер арасында сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың белсенді дамығанын жеткізді.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Британ ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік бергеніне назар аударды.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазіргі уақытта қос мемлекеттер арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Өз кезегінде, Майкл Гиффорд екі жақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалап, экономикалық серіктестік пен парламентаралық байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Елші Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Нұрлан Нығматулин мен Майкл Гиффорд қазақстандық және британдық Парламент өкілдері арасындағы диалогты жандандыру екі ел үшін де тиімді болатынына сенім білдірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?