Қытайдан РФ-ға дейін ШҚО арқылы өтетін жол бүтіндей ақылы болады

12 Наурыз 2021, 11:19
Сурет: zakon.kz

Биыл Қазақстанның шығысы арқылы ҚХР шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін өтетін М-38 жолының барлығы дерлік ақылы болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК өкілдері Шығыс Қазақстан облысында өткен қоғамдық тыңдаулар кезінде мәлімдеді.

М-38 трассасының 464 шақырымдық учаскесі - "Павлодар-Семей-Қалбатау" автожолы биыл ақылы болады. Павлодар облысында оған 3 бақылау бағаны орнатылды және сынақ режимінде ол іске қосылды, Шығыс Қазақстан облысында осындай сегізі тұр.

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдың ақылы бөлігі Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққұлын, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтеді.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" Павлодар-Омбы (Ресей Федерациясының шекарасына дейін) жолы да ақылы болады деп жариялаған болатын.

Осылайша ашық ақы жинау жүйесі іс жүзінде M-38 трассасының бүкіл аумағында енгізілетін болады. ҚХР шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ғана тегін болады.

"Павлодар-Семей-Қалбатау" учаскесі бүкіл ұзындығы бойынша II техникалық санаттағы жол бойымен өтеді. Демек, мұнда жолақысы тек жүк көліктерінен алынады.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығы облыс жолдарына ақы төлеуді енгізуді қолдады. Алайда, жергілікті тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, сонымен қатар фермерлер мен коммуналдық қызметтердің жабдықтарына жеңілдіктер енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Павлодар-Семей-Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, жолға мал шығып кетпес үшін жол жиегіне қоршау орнатуды талап етті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?