Алматы маңында ҰҚК-нің әскери ұшағы апатқа ұшырады

13 Наурыз 2021, 20:14
Сурет: zakon.kz

13 наурызда Ан-26 әскери ұшағы Алматы маңында қону кезінде апатқа ұшырады. Апатқа ұшыраған ұшақ туралы толыққанды ақпаратпен бөлісеміз, деп хабарлайды zakon.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 наурызда сағат 17: 25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17: 22-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан AН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, алматылық No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 10 жедел-құтқару жасағы жұмыс істеді.

Сондай-ақ, апат болған жерде Алматы қаласының төтенше жағдайлары департаментінің, Алматы облыстық ТЖД-ның, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ РШҚО-ның, "109" құтқару қызметінің 45 қызметкері мен 15 техникасы жұмыс істеді.

Отқа оранған ұшақ өрті сағат 18: 02-де сөндірілді.

Әскери ұшақ туралы ақпарат

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша, АН-26 - Антонов конструкторлық бюросында жасалған кеңестік әскери-көлік ұшағы. Бұл - АН-24 моделінің модификациясы.

Жүк люгінің ені үлкен (2,4 м) болғандықтан және арнайы баспалдақ орнатылғандықтан жүк тиеу-түсіру жұмыстарын жедел әрі жеңіл атқаруға болады. АН-26 екі АИ-24ВТ турбовинтті қозғалтқышымен және негізгі қозғалтқыштың оң жағында орнатылған тағы бір RU-19A-300 реактивпен жабдықталған. Ол Қытайда Ан-26 базасында құрылған Хian Y-7 жасап шығарады.

Қазіргі уақытта АН-26-100 ұшағы 43 адамға дейін алып жүре алады.

Бастапқы жүк тиеу модификациясынан жолаушылар тасу үшін зауытта қайта жасақталған бұл ұшақтың бір кемшілігі жүк сөрелерінің болмауы. Осы типте барлығы 1 403 ұшақ құрастырылып шыққан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?