Мас тұрғын полиция жасағын арақтың сынған бөтелкесімен ұрмақ болды

20 Сәуір 2021, 15:57
Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі

18 сәуір сағат 20:00 шамасында патрульдердің бірі Ульянов көшесінде мас ер адамды байқаған. Медициналық куәландырудан өту ұсынысына қарсылық білдіріп, агрессивті ұстаған, арақтың сынған бөтелкесімен өзіне жарақат келтіріп, қатардағы әскери қызметшіге жұдырық ала ұмтылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адам ұсталып, автопатрульге тапсырылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені және тонау жасағаны үшін бұрын сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдық күйін көрсетті.

Күдіктіге қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. — Баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлығы облыс орталығы аумағында билік өкіліне қатысты күш қолданудың 2 фактісі тіркелген. Тәжірибе көрсеткендей, осындай жағдай спирттік ішімдікті асыра пайдаланумен байланысты болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?