Президент Үкіметке АӨК-ті дамытудың ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды

21 Сәуір 2021, 23:57
Сурет: Ақорда

Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысы мемлекет басшысының төрағалығымен бейнеконференция сипатында өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент агроөнеркәсіптік кешенді 2026 жылға дейін дамытудың ұлттық жобасына қатысты пікір білдірді.

Президенттің пікірінше, бұл құжат тым ауқымды, оған саланың бүкіл бағыттары енгізілгенін және онда барлық ықтимал шаралар қамтылған. Ол баяндамадағы бірқатар бағыттар Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасына кіруі тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы ұлттық жоба түйінді мәселелерді шешуге бағытталып, қолданыста қолайлы болуы қажеттігіне тоқталды. Жалпы алғанда, Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың базалық тәсілдерін қолдады. Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке жобаны пысықтау тапсырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?