Жас жігіт жолда тұрған біреудің бұзылған көлігін ұрлап кетті

avtovzglyad.ru avtovzglyad.ru
Ақмола облысының тұрғыны істен шыққан күйде жолда қалған көлікті өз ауласына әкелген.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Есіл АПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғынынан автокөлік ұрлығы туралы арыз келіп түсті. Ер адам "Екатеринбург - Алматы" автожолының 941 шақырымында істен шыққан күйде қалған "Chery" маркалы автокөлікті белгісіз біреулер ұрлап әкеткені туралы хабарлады, дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камераларының жазбаларына талдау жасау, куәгерлерге сауалнама жүргізу және басқа да бірқатар жедел іс-шаралар барысында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны 4-взводының командирі Е.Дарбаев күдіктіні анықтады. Ол 27 жастағы Есіл қаласының тұрғыны болып шықты.

Қаскүнемнің айтуынша, шамамен таңғы сағат бесте тас жолда жәбірленушінің көлігін көріп, қосалқы бөлшектер бойынша одан әрі сату үшін автокөлікті өз ауласына сүйреп апаруды шешкен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз