Біртанов: Сыбайлас жемқорлық қылмысына менің еш қатысым жоқ

zakon.kz zakon.kz
Экс-министр соттан өз құқығын қорғауды сұрады.

Нұр-Сұлтанның тергеу соты денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың үй қамақта қалу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарауды жалғастырып жатыр. Ол бүгін сот отырысына қатысты. Ол өзінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысы жоқ екенін баса айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу онлайн режимінде Zoom арқылы өтті.

Біртанов өз сөзін бір күн бұрын бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары прокурордың өзіне айып таққаны туралы ақпарат таратқанынан бастады. Экс-министр бұл ақпараттың жаңсақ екенін, өйткені оған әлі айып тағылмағандықтан да тергеу амалдары жалғасып, әзірге сот үйқамақ мерзімін ұзарту мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Содан кейін ол тергеу-жедел тобының бастығы өзінің есебінде көрсеткен бұзушылықтар туралы ақпаратты теріске шығаруға көшті (үй қамағының мерзімін ұзарту туралы - ред.).

Бұл арадағы құжатта бюджет қаражатын жымқыруға қатысты маған келтірілген күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай факт жоқ екеніне баса назар аударғым келеді. Себебі ұрлық фактісі жоқ. Тағы да жария түрде бұл істе де, сол секілдің менің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезімде де қандай да бір сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысым болмағанын қадап айтамын. Мұнда жазылғандардың барлығы ойдан құрастырылған және қисынға мүлде сай келмейтін тұжырымдарға толы, - деді бұрынғы министр.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-05/1620292382_1620284855_pasport-zdorovya-b-rtanov.jpg

Өз кезегінде Біртанов жұмыс істейтінінің дәлелі ретінде денсаулық сақтау төлқұжатының скринін экраннан көрсетті, бұл Ericsson Nikola Tesla жасап шыққан "Ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу платформасы", ол жұмыс істеп тұр, дегенмен тергеу ол жұмыс істемейді деп мәлімдейді (Біртанов, негізінен, дәл осы факт бойынша айыпталуда - ред.) ...

Мен электронды төлқұжаттан үзінді көшірмесін жүктей аламын. Тіпті, оны осы арада ашып, көрсете аламын, онда менің тіркелген жерім бар, сонымен қатар 2020 жылдың маусым айында мен екі ауруханада COVID-19-ға қарсы ауруханаға жатқанмын. Алдымен біреуінде, содан кейін екіншісінде. Яғни электронды денсаулық төлқұжатының функциялары жұмыс істеп тұр. Ия, толықтыру жағынан әлі де мәселелер бар, бірақ бұл процесс өз жалғасын табуда, өйткені емханалардың ақпараттық жүйелері платформаға көбірек келіп, қосылып жатыр. Бірақ біз жаңа ғана естідік және бұл процеске тергеу кедергі болып отырғанын білеміз. Осылайша, келісімшарт заңды түрде жасалды, барлық жұмыс заңды түрде жүргізілді, - деді Біртанов.

Ол платформаны пайдалану 2020 жылдың маусымында мақұлдағанын, бірақ тергеу оны бірден жауып тастағанын мәлімдеді. Күздің басында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел басшылығына платформаны бұғаттан босату туралы өтінішпен жүгінді, ал президент тергеуге платформаны бұғаттан шығаруды тапсырды.

Президенттің тапсырмасы орындалмай қалды, платформа ашылмаған және ол біресе жұмыс істейді, біресе жұмыс істемей қалады, - деді экс-министр.

Сонымен бірге ол бұл іске ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

Бұл арадағы басты сұрақ назардан тыс қалып жатыр: "Ақша қайда?" деген. Осы жобадан ең құрмағанда бір тиын алғаным дәлелденді ме? Жоқ, дәлелденбейді де, өйткені ондай болған емес. Мен кез-келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысым жоқ екенімді тағы бір мәрте мәлімдеймін, - деді Біртанов.

Экс-министр соттан өз құқығын қорғауды сұрады.

Мен Қазақстанның толыққанды азаматымын. Министр болып туа салған жоқпын, осы елде өсіп, төменнен бастап жоғарыға дейін өстім, адал еңбек еттім, салық төледім және бірдей құқықтарға ие болдым. Соттан менің құқықтарымның сақталуын сұраймын.

Ағама және жылжымайтын мүлікке келетін болсақ. Ққұжатта менде жылжымайтын мүлік бар екендігі айтылады (Австрияда - ред.). Мүмкін мен бірдеңені білмейтін шығармын, бірақ сізден осыны растайтын құжаттарды сұратуыңызды сұраймын. Ал менің жақын туыстарымның тұруға ықтиярхатын растайтын жылжымайтын мүлігім бар екендігін растайтын құжаттар болмаған, табылмаған жағдайда, жоқ құжаттардың болуын растаған тергеуші мен прокурордың әрекеттеріне Сізден заңды баға беруіңізді сұраймын, - деді Біртанов.

2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғандығы туралы хабарлады. Экс-министрге бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтіріліп отырғаны айтылды. 7 қарашада ол үй қамағына алынды. Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол пневмониясының асқынуына және емделу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кету үшін өтініш жазды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз