Әжесін басынып, зейнет ақшасын иеленген немере жазаға тартылғалы жатыр

12 Мамыр 2021, 11:34
Сурет: polisia.kz

Ақмолада немересі зейнеткердің шотынан 150 мың теңгені шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Бурабай ауданында жергілікті тұрғын 82 жастағы туған әжесінің банк картасынан 100 мың теңгеден астам ақшаны өз бетімен шешіп алған.

Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучье қаласының қарт тұрғынынан 6 мамырда сағат 10:00-де белгісіз тұлғалар оның “Халық банкі” картасынан 150 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алғаны туралы өтініш келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің банк картасына рұқсаты бар немересінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. 37 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді, онда ол полиция қызметкерлеріне бұл ақшаны картадан өз бетімен шешіп алып, жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу амалдары жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?