Ақтөбеде кәсіпкер 1 миллион теңге - зекет үлестірді

13 Мамыр 2021, 14:41
Сурет: ҚМБД

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінде "Айжарық" шаруа қожалығының басшысы Қажымұқан Тыныштықұлы мұқтаж отбасыларға зекетін үлестірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайырымдылық шарасында сөз алған облыстың бас имамы Төлеби Оспан жиналған қауымға қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы жайлы уағыз-насихат айтты.

"Зекет – табысты берекелендіріп, кәсібі мен отбасына құт әкеледі. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Қажымұқан Тыныштықұлына алғыс білдіреміз. Ауқымды қаражатты зекет ретінде таратуы – жомарттығы әрі Алланың әміріне бағынуы деп білеміз. Алла сарқылмас сауаптар жазсын!", - деді бас имам.

Көмек әртүрлі санаттағы мұқтаж және көпбалалы отбасылар мен Ақтөбе медресе-колледжінің шәкірттеріне берілді. Мұқтаж 30 адамға жалпы ақшалай 1 млн теңге таратылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?