Қазақстан Үндістанға 40 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті

14 Мамыр 2021, 12:28
Сурет: ҚР СІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан үкіметі Үндістанға пандемия жағдайындағы күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тиісті жүктері бар екі қазақстандық ұшақтың біріншісі 2021 жылғы 14 мамырда таңертең Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға қонды. Екіншісі бірнеше сағаттан кейін келеді деп күтіліп отыр.

Гуманитарлық көмекке денсаулық сақтау компанияларының медициналық маскалары, респираторлары, қорғаныш костюмдері мен портативті желдеткіштері кіреді. Әуежайда оны табыстау рәсіміне Қазақстанның Үндістандағы елшісі Нұрлан Жалғасбаев, үнді тарапынан – Үндістан сыртқы істер министрлігі Еуразиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Бандару Вилсонбабу қатысты.

2021 жылғы 4 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жолдаумен жүгінген болатын. Онда Үндістанда індеттің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген еді. 7 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

2020 жылы Үндістан Қазақстанға пандемиямен күресуге көмектесу үшін гидроксохлорохин таблеткаларын жіберген болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?